Валюта болжамы: 15 қаңтар – 19 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (15 қаңтар - 19 қаңтар).

Қымбаттап келе жатқан мұнай бағасы мен әлсіреп жатқан доллар – алдағы аптадағы валюта нарығының басты арқауы болмақ. Энергия тасымалдаушылар нарығындағы «көңіл-күй» теңге бағамына әсер етуін қалай жалғастырып жатқанын abctv.kz сауалнамасына қатысқан барлық сарапшылар тілге тиек етті. Олар мұнай бағасын белгілеуді жылдамдатушы фактор ретінде ОПЕК келісімі («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан») мен АҚШ-тағы қорға қатысты статистиканы, сондай-ақ бұрғылау жабдықтарын орнату ( «ФИНАМ»,  «Евразиялық Капитал»АҚ, Wall Street Invest Partners, «Астана-Инвест» Инвестициялық үй» АҚ, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан») санын атады. Сонымен қатар тағы да басқа триггерлер сөз болды. Мысалы, «ФИНАМ» компаниясы тобының маманы трейдерлердің жаңа жылда әлемдік экономиканың өсуі жалғасады деген  үміті де әсер ететін болады деп есептейді. Ал «Еуразиялық Капитал» АҚ өкілінің айтуынша, «қара алтын» бағасына АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы туралы шешім әсер етеді.

Сарапшылар америкалық доллардың әлсіреуіне себеп болып отырған бірнеше факторды тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, олардың қатарында АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша статистиканың әлсіз болуы, Штаттардағы алдағы демалыс 15 қаңтар, сонымен қатар Қытай Халық банкісінің АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларын төмендету немесе сатып алуды тоқтату туралы ұсынысы бар. Сонымен қатар Wall Street Invest Partners және «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» сарапшылары ЕОБ басшыларының сапаны төмендету бағдарламасына қатысты айтқандары өзгеруі мүмкін деп отыр. Ал IFC Markets және «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» сарапшылары болса, дүйсенбі күні 2018 жылы алғаш рет ҚР Ұлттық банкінің отырысы болатынын еске салып кетті. Екі сарапшы да Ұлттық банктің мөлшерлемесі қазіргі 10,25% деңгейінде қалады дегенді айтты.  

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы: 

15 қаңтар – 19 қаңтар

Доллар/теңге жұбы қаңтар айының алғашқы аптасында 324-334 теңге шамасында болады. Мұнай әзірге әлемдік нарықта қымбат болып, жаңа биіктерді бағындыруда, сондықтан шикізат валюталарына төніп тұрған қауіп жоқ.

Ал рубль/теңге жұбы болса алдағы аптада 5,75-5,85 шамасында саудаланады. Әзірге бұл жердегі тренд жоғары, бірақ та рубльдің қымбаттау әлеуеті қалай болғанда да шектеулі. 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

15 қаңтар – 19 қаңтар

Америкалық индекстер бейсенбі күні компанияның есеп маусымының алдында  тарихи шегін жаңартты. Жұма күні  J.P. Morgan және Wells Fargo өз нәтижелерін жариялады, ал алдағы аптада ойыншылар Goldman Sachs, Morgan Stanley және Bank of America нәтижелерін бағалайтын болады.

Дүйсенбі,15 қаңтар күні Америка Мартин Лютер Кинг күнін атап өтеді. Бұл күні барлық мектеп, кеңсе, пошта бөлімі және банк жұмыс істемейді. Мерекеден кейін мұхиттың арғы бетіндегі қор алаңдары жұмыстарын мәнсіз бастайды. Осы дәстүр биыл да сақтала ма оны сейсенбі көрсетеді.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 69,14 доллар болып, өзіне 0,06%-ды қосып алды, алайда сауда сессиясы барысында Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдан кейін алғаш рет 70 доллар шамасына жетті. «Қара алтын» бағасының өткен жылдың желтоқсан айынан бері өсуіне ОПЕК келісімі аясында хэдж қорлармен ұзақ позияцияларды арттыру және 2018 жылы әлемдік экономиканың өсуі жалғасады деген үміт басты себеп болды.

Тап қазіргі уақытта жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай бағасы 69 және 68,25 доллар болып, 70 долларға жуықтады.

Жұма күні Baker Hughes мұнай сервистік компаниясының бұрғылау белсенділігі бойынша статистикасы шықты. Оның нәтижесі дүйсенбі күнгі сауданың бірінші жартысына әсер ететін болады. АҚШ-та мұнай бұрғылау белсенділігінің саны бір апта ішінде 10 данаға өсті.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 330-332 теңге және еуроға қатысты 392-395 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

15 қаңтар – 19 қаңтар

Келесі аптада әлемдік валюта нарығындағы беталысты Қытайдың макроэкономикалық мәліметтері, сондай-ақ табыс динамикасы америкалық долларға әсер ететін АҚШ мемлекеттік облигацияларына қатысты жағдайдың дамуы анықтайтын болады. Егер Қытай мәліметтері ойлағаннан да жоғары болатын болса, онда бұл emerging markets валютасын сатып алуға, сонымен қатар қазақстандық теңге үшін тағы бір себеп болады. Бұған қоса Қытайдың американың мемлекеттік облигацияларын сатып алуы тоқтауы мүмкін екендігі туралы әңгіме (әзірге нақтыланбаған) инвесторлардың бұл нарықтан кетуіне, бағаның төмендеуі мен кірістің өсуіне себеп болады да, ол америкалық доллар бағасынан көрініс табады.

Бір қызығы, былтыр кірістің өсуі нарықта кері әсер тудырған болатын. Қазір жағдай өзгерді. Сондықтан теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып,  шамамен 320 теңге болады. Ал рубльге қатысты бағамы 5,82 теңгеге дейін жетеді. 

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

15 қаңтар – 19 қаңтар

Алдағы аптада мұнай бағасының бір баррель үшін 70 доллардан асуға жақсы мүмкіндігі бар. Бағаға инвесторлардың АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы бойынша шешім шығаруды күтуі әсер етеді. АҚШ-та мұнай өндіруді арттыру мұнай бағасына кері қысым жасайды. Баға күрт өсетін болады деп айта алмаймыз, сондықтан ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы  329-332 теңге деп отырмыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,75-5,85 теңге шамасында болады деп болжаудамыз. 

 

Ілия Басшығұл, Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:

15 қаңтар – 19 қаңтар

Алдағы аптаның екінші жартысында теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамы оң динамиканы көрсететін болады. Ұлттық валютаның өсуіне АҚШ-тағы еңбек нарығы бойынша есептің төмен болуы, мұнай нарығындағы раллидің жалғасуы және ЕО экономикасындағы жағымды тенденциялар негіз болады деп көрсетілген ЕОБ хаттамасында. 

АҚШ өндірушілер индексі бағасының желтоқсанда 2016 жылдың тамызынан бері алғаш рет 0,1%-ға кенеттен төмендеуі доллардың әлсіреуіне себеп болды. Сонымен қатар өткен аптаның соңында жарияланған мәліметтерге сүйенетін блсақ, АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш бергендердің саны аяқ-астынан өскен. 

ЕОБ-ның желтоқсандағы отырысының хаттамасында көрсетілгендей, Еуропа ОБ шенеуніктері 2018 жылдың басынан бастап өз өтініштерін бірте-бірте өзгертпек болғанан кейін еуро бағамы нығайды. Тіпті ЕОБ өтінішіндегі болар-болмас өзгерісті инвестолар еуропалық реттеуші облигацияларды сатып алуға қатысты өз бағдараламасын тоқтатуға дайындалып жатыр деп қабылдайды. ЕОБ басшылары сақталып тұрған тұрақты экономикалық өсу сырты факторларға қатысты емес деп отыр.

Қытай халық банкі АҚШ мемлекеттік облигацияларын төмендету немесе сатып алуды тоқтатуға ұсыныс жасады.

Нью-Йорк Федералдық резервтік банк (ФРБ) басшысы Уильям Дадли болса компаниялардың табыс салығын айтарлықтай  төмендетеді деп отырған салық реформасы экономиканың күйіп кету қаупіне және Федералдық резервтік банктің базалық пайыздық мөлшерлемені жылдам көтеруге әкелуі мүмкін деп есептейді.

АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы сәрсенбі күні апта сайынғы есепті жариялағаннан кейін мұнай бағасы едәуір өскені байқалды. Сондай-ақ есепте АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 290 мың баррельден 9,49 млн барелльге дейін түскені айтылды. 2017 жылдың желтоқсанынан бастап мұнай өндіруді қысқарту келісімінің арқасында мұнай шамамен 13%-ға қымбаттаған.

Алдағы аптада доллардың негізгі валюталарға қатысты бағамы одан әрі төмендеуі мүмкін. Бұған АҚШ-тағы 15 қаңтар-демалыс күні себеп болады. 

Қазіргі уақытта жергілікті қолдау арқасында Brent маркалы мұнай бағасы 68,45 және 68,0 доллар болып тұр.

Алдағы аптада USD/KZT валюта жұбы болжам бойынша 329-332теңге, RUB/KZT – 5,5-5,7 теңге болады деп отырмыз. 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

15 қаңтар – 19 қаңтар

 «Әлсіз» доллар мұнай мен әлемдік валюталарға, сонымен қатар рубльге қолдау болып тұр.

АҚШ-тың шикі мұнай қоры және мұнай өндіруді төмендету туралы мәліметі «қара алтын» бағасын аспандатып жіберді. Мұнай бағасының қазіргі деңгейі оны өткізуге қиындық тудыруы мүмкін. 

Ресейлік рубльде өсуін тоқтатып, қазіргі деңгейде немесе одан сәл жоғары бағада сатылуы мүмкін. Ал мемлекеттік облигациялардың сатылуы бұған көмек болуы мүмкін.

Биткоин әзірге құбылмалығы жоғары валюта. Күрт өсулер әлі де жалғасуда. Валюта өзіне қатысты кез келген жаңалыққа, ірі хэдж қорлар мен басқа да қаржылық гуру менеджерлерінің айтқандарына қарай өсіп отыр. Бұл валютаны жаппай сатып алуға кеңес бермеймін. Пайдаға белшесінен батуды ойлаған адамдар көбінесе ақшасынан айырылып қалады. Егер криптовалютаны сатып алуға бел буған болсаңыз, онда  ақшаны ойланып салыңыз. Келесі аптада доллар 327-332 теңге, рубль 5,75-5,85 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 67-70 доллар, бір биткоин 13000 – 17500 АҚШ доллары шамасында болады. 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

15 қаңтар – 19 қаңтар

Қазақстандық валюта төртінші апта қатарынан нығайып отыр. Өткен аптада әлемдік мұнай бағасы өсіп, үш жылғы көрсеткішті жаңартты. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 70 доллар шамасынан асты. Бірақ артынша мұнай бағасы шамалы төмендеді. Алайда қаңтардың алғашқы екі аптасында ол 3%-ға қымбаттады. Бұл ретте АҚШ доллары көптеген әлемдік валюталарға қатысты әлсіреуін сақтап қалды. Оның индексі төрт айдағы шамасына дейін түсті. Дүйсенбі күні болатын отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық банк мөлшерлемені қазіргі 10,25% шамасында сақтап қалатын болса, бұл теңгенің нығаюы үшін қосымша көмек болады.

2017 жылдың желтоқсанында инфляция қарашамен салыстырғанда 7,1%-ға дейін қысқарды. Осылайша ол Ұлттық банктің 6-8%-ға тең ауқымына сай болды. Бірақ  мөлшерлеме төмендейді деп ойламаймын, өйткені 2017 жылы инфляция бойынша ауқым 5-7%-ға төмендеген. Валюта нарығындағы құбылмалық ауқымы рубльге қатысты 5,74-5,84 теңге, долларға қатысты 327-332 теңге болуы мүмкін. Егер Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені түсіретін болса, теңге бағамы құбылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:  
 

15 қаңтар – 19 қаңтар

Алдағы аптада USD/KZT жұбына қатысты жағдай еш өзгермеуі мүмкін. Оған екі себеп бар: біріншісі - АҚШ долларының әлсіреуінің жалғасуы, екіншісі- мұнайдың қымбат болуы.

Доллардың әлсіреуіне бірқатар факторлар өз ықпалын жасап отыр. Атап айтар болсақ, қаңтар айындағы отырыста ФРЖ пайыздық мөлшерлемені арттыру екіталай, өйткені АҚШ-тың соңғы мәліметтері олардағы экономика тұрақты емес екенін көрсетіп отыр. Бұған өткен аптадағы еңбек нарығы бойынша мәліметтер басты себеп болды.

Сонымен қатар ЕОБ отырысының хаттамасы да қосымша фактор. Еуропалық реттеуші басшылығы өздерінің өтініштерін өзгертуі мүмкін екенін айтты. Мұны нарыққа  қатысушылар ЕОБ несие-ақша саясатын бұрынғыға қарағанда күшейтуі мүмкін деп түсінді.

Мұнай бағасы өткен апта бойына өсіп, 70 долларға  жетіп, 2015 жылдың мамырынан кейін болмаған өсуді көрсетті.

«Қара алтын» бағасына АҚШ-тағы мұнай қоры бойынша мәліметтер әсер етеді. АҚШ-тың мұнай өндіруі тәулігіне 209 мың баррельден 9,492 мың баррельге дейін түсті. Сонымен бірге Қытай мұнай импортының рекордын көрсетті.

15 қаңтар күні Ұлттық банктің осы жылғы алғашқы отырысы өтеді. Несие-ақша саясаты наурыз айындағы отырысқа дейін өзгеріссіз қалады деген болжам бар.

Қорыта келгенде алдағы аптада USD/KZT жұбы 329-330,50 теңге шамасында болады деп отырмыз.

Өткен аптада ресейлік валюта нығайған болатын. Рубльге мұнайдың қымбаттауы қолдау болды. Рубль нығаюды жалғастыруы мүмкін немесе әлсіреуі де ғажап емес.

Ресейлік рубльдің нығаюы салдарынан қазақстандық теңге төмендеді. RUB/KZT жұбы келесі аптада өзгеріссіз қалып, 5,85-5,9 теңге болады. 

15 қаңтар – 19 қаңтар

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу